Қосман Айтмұхамбетов елорданы не себептен су алып кеткенін түсіндіріп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қосман Айтмұхамбетов елорданы не себептен су алып кеткенін түсіндіріп берді

22.08.2018

Су басып қалған Астана үшін әкімдік кешірім сұрады. Журналистермен кездескен қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов елорданы не себептен су алып кеткенін түсіндіріп берді. Айтуынша, екі күн бойы жауған жаңбыр айлық нормадан 40 пайызға артық болыпты.

Салдарынан жауынның суын қабылдаушы техникалар үлгермей, Нәжімеденов, Тәуелсіздік, Момышұлы көшелерін су алып кеткен. Тек таңғы бестерге таман ғана суды сорып, тазартыпты. Қала тұрғындары болса, сол сәттегі көріністерді түсіріп әлеуметтік желілерге жариялады. Кейбір көліктер судың ортасында тұрып қалған. Тіпті, автобустың ішіне дейін су алып кеткен болатын.   

Қосман Айтмұхамбетов, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

- Коммуналдық кәсіпорындар осы уақыт аралығында тәулік бойы дамылсыз жұмыс істеді. Осы алаңды пайдаланып, қала халқына алғыс айта отырып, кешірім сұрағымыз келеді. Су алып кету жағдайларына жол берілді. Екі сағаттың ішінде мәселе ретке келгенімен, бәрібір жағдайдың орын алғанын жасыра алмаймыз.   

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу