100 контейнерге тиелген 2000 тонна бидай теміржолмен Ақмола, Қарағанды, Алматы және «Достық» шекаралық станциясы арқылы Қытайдың Алашанькоу бекетіне жіберілді. Теріскейдегі диқандар бұл бағытта астықты алғаш рет экспорттап отыр. Былтыр шығыстағы көршімізге 84 мың тонна бидай экспортталса, биыл бұл көрсеткіш 180 мың тоннаға дейін артпақ.
Сонымен қатар, осы жолы Қытайдың Шаньси провинциясынан келген делегациямен бірқатар келіссөздер жүргізіліп, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, машина жасау, аграрлық қайта өңдеу, сауда және басқа да салалар бойынша ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды.
Самат САПАРАЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.