Петропавлда жолдар жаңа әдіспен төселіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жолдар жаңа әдіспен төселіп жатыр

20.08.2018

Петропавлда жолдар бұрын-соңды қолданылмаған жаңа әдіспен өңделе бастады. «Реджувасил» деп аталатын полимер қоспасы асфальттың жарамдылық мерзімін ұзартады. Төселген тас жолдың үстіне құйылған сұйықтық қиыршық тастың арасын толтырып, 5 жылға дейін сол қалпында сақтап тұрады. «Әрі мұндай асфальттің су өткізбеу қабілеті артады», - дейді мамандар. Өңдеу жұмыстарынан кейін реджувасил бір тәулік ішінде кебуі тиіс.   

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу