Джакартадағы атлетикалық ауылда Қазақстанның Туы көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джакартадағы атлетикалық ауылда Қазақстанның Туы көтерілді

17.08.2018

Бүгін Джакартадағы атлетикалық ауылда Қазақстанның мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Осылайша, бүгіннен бастап Қазақстан құрамасы ресми түрде Азия ойындарының сайыстарына қатысуға мүмкіндік алды. Шараға Қазақстан құрамасының спортшылары мен спорт саласын мамандары қатысты. Бүгін Джакартатаға 200-ден астам қазақстандық спортшы келді.  Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияда өтеді.

Елсияр Қанағатов, Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті Спорт дирекциясының басшысы:

- Төрт жылда бір өтетін өте маңызды Олимпиадаға үлкен дайындықпен келдік. Ұлттық олимпиада комитеті, министрлік тарапынан үлкен жағдай жасалды.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу