Президент оқыған дәрiс - Еуразиялық экономикалық одақтың алдағы 15-20 жылға арналған «жол картасы», деп атады Еуразиялық ықпалдасу институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева.
20 жыл бұрын Елбасы Еуразиялық экономикалық одақ жобасын ұсынса, бұл жолы ұйымның бағыт-бағдарын айқындады.
Үш елдің сарапшылары Президент Назарбаевтың жаңа бастамаларына жоғары баға беріп жатыр.
Жанаргүл Құсманғалиева, Еуразиялық ықпалдастық институтының директоры:
Елбасының дәрісі Беларусь пен Ресей сарапшылар арасында қызу талқыға түсті. Біз барлық ақпарат алаңдарын саралап шықтық. Тек ғаламторда дәріске қатысты 8 миллионнан астам пікір жазылды.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ