«Қазақстан» полигонында 10 жауынгер жарылыстан жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» полигонында 10 жауынгер жарылыстан жарақат алды

15.08.2018

«Қазақстан» полигонында ауыр жарақат алған сарбаз өзге әскерилерді құтқару үшін бірнеше шақырым бойы «КамАЗ» көлігін жүргізген. Оқиға Алматы облысында Қапшағай мен Сарыөзек арасындағы әскери полигонда болған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланды. Белгілісіз заттың жарылуынан он сарбаз зардап шеккен. Соның ішінен сержант Ахметов суырылып шығып, жарақатына қарамастан, 3 шақырым жерге өзге әскерилерді жеткізген. Нәтижесінде олардың барлығына дала жағдайында алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Қазір әскери қызметшілердің денсаулық жағдайлары тұрақты. Оларға медициналық көмек көрсетілуде. Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның нақты қалай болғаны туралы Қорғаныс министрлігі ресми ақпараттан өзге мәлімет беруден бас тартты.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу