«Астана-Париж» велошеруі Қазанға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана-Париж» велошеруі Қазанға жетті

15.08.2018

«Шекарасыз спорт» деп аталатын әлеуметтік жобаның аясында жолға шыққан «Астана-Париж» велошеруінің қатысушылары Қазан қаласына жетті. Бұрын-соңды болмаған мұндай шараға көзі нашар көретін жас спортшылар қатысып жатыр. Олар Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Германия және Франция елдерінің 30 шаһарын басып өтіп, сапарды Париж қаласында аяқтағалы отыр. Татарстан астанасында жерлестерімізді жергілікті велошабандоздар мен журналистер қарсы алды. Велошеруге қатысушылардың айтуынша, жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың да кез келген шараға қатысып, түрлі қиындықты жеңуге қауқарлы екендіктерін көрсету. Спортшылар «велотандем» деп аталатын екі адамдық велосипедпен бірнеше мыңдаған шақырымды бағындырғалы отыр.  

Мұрат Айтжанов, велошеруге қатысушы:

- Бізді Қазан қаласында жақсы қарсы алды. Сапар барысында барлығы 5 мың шақырым жолды велосипедпен жүріп өтеміз. Кейбір учаскелерде жол нашар болса немесе жөндеу жүріп жатса, машинаға отырамыз. Себебі, ондай жерлер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қиын болады.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу