Қызылордада зағиптарға арналған ақпараттық жадынама дайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада зағиптарға арналған ақпараттық жадынама дайындалды

15.08.2018

Қызылордада зағип және көру қабілеті нашар адамдарға арналып, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері туралы ақпараттық жадынама дайындалды. Брайль қарпімен жазылған шағын кітапшада қызмет алушылардың заңды құқықтары бұзылған жағдайда құзырлы орындарға шағымдану тәртібі көрсетілген. Қызылордада сонымен қатар, құлағы нашар еститін азаматтар үшін осындай жадынамалардың аудионұсқасы да әзірленіп, таратыла бастады. Жобаның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша сапалы қызмет көрсету.      

Ғалымжан Ілкібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облыстық департаментінің басқарма басшысы:

- Алдағы уақытта осы тектес жадынамалар барлық қызмет көрсетуші органдарда, сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында болуына ықпал ететін боламыз. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу