Таразда «Zhas project» жобасы аясында ментор мамандарды оқыту семинары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда «Zhas project» жобасы аясында ментор мамандарды оқыту семинары басталды

10.08.2018

Тек Жамбыл өңірінен 6 мың азаматты оқыту көзделген. Жастар корпусын дамыту жобасына осыдан бірнеше ай бұрын өтінімдер қабылданды. Мақсаты  - жастарды қоғамдық іс-шараларға тарта отырып, бизнес жобаларын жүзеге асыру.

Әр жобаға 1 миллион теңгеге дейінгі қаржы қарастырылған. 50 аутрич-консультант маман оқытылыпты. Бүгінге дейін Жамбыл облысы бойынша 435 млн. теңге инвестиция тартылып, 222 топ жүлдегер атанған. Осы топтарға алты ай бойы жетекшілік ететін 43 тәлімгер облыс орталығы мен аудандардан таңдалып алынды. Ментор мамандарды Астана мен Алматы қалаларынан келген арнайы тренерлер оқытуда.

 Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ                                     

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу