Оралда көлікті ұрлап мініп, жол апатына түскен 9 жасар бала сол бұзақылығын тағы қайталады. Бұл жолы ол «Тойота» көлігін тізгіндеп кеткен. «Оқиға кеше кешкі сағат ондар шамасында «Омега» зауыты маңында болды. Автокөлік осы маңайдағы дүкеннің жанында тұрған. Көлік иесі үйге кіріп кеткенде, бала ашық қалған темір тұлпарды айдап кеткен. Көп ұзамай көпір астындағы бағанаға барып соқтығысқан. Абырой болғанда бала зардап шекпеді. Көліктің шынысы сынып, темірі майысқан.
Юрий Васильев, қала тұрғыны:
- Көлігімді дүкен жанына қойып, досыма кіріп кеткенмін. Шықсам, жоқ. Көлік есігі ашық қалған. Бірақ, кілті қалтамда еді. Ол міне, мына кілтпен машинаны жүргізіп, айдап кеткен.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.