Астанада ауыр атлетші Анатолий Храпатыйдың құрметіне ескерткіш тақтайшасы орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ауыр атлетші Анатолий Храпатыйдың құрметіне ескерткіш тақтайшасы орнатылды

10.08.2018

Ер есімі - ел есінде. Бүгін Астанада әлемнің бес дүркін чемпионы, ауыр атлетші Анатолий Храпатыйдың құрметіне ескерткіш тақтайшасы орнатылды. Осыған орай, дүниежүзін мойындатқан спортшының өзі тұрған үйінде салтанатты шара өтті. Жиынға чемпионның туған-туыстары, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, ауыр атлетика федерациясының мүшелері, спортшылар мен көршілері қатысты.

Жиылған қауым Анатолий Храпатыйдың жеткен жетістіктері мен жеке қасиеттерін тебірене еске алды. Шара барысында Әлем чемпионының атына көше берілетіні белгілі болды. Ал, ертең Алматыда жыл сайынғы Анатолий Храпатый атындағы турнир басталады. Мұндай қолдауға ауыр атлетшінің туған-туыстары шексіз алғыстарын айтты.

Андрей Храпатый, А.Храпатыйдың ұлы:

- Әкем 45 жасында көлік апатынан көз жұмды. Содан бері тура 10 жыл өтті. Оның жетістігін осы уақытқа дейін ешкім ұмытпай, есімін ардақтап келеді. Өзі тұрған үйге ескерткіш тақтайшасы орнатылғанына қуаныштымын. Қолдауларыңызға алғыс айтамын.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу