Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы 179 адам судан құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы 179 адам судан құтқарылды

09.08.2018

Дәл қазір өңірде шомылу маусымы қызған шақ. Сондықтан, құтқарушылар жұмысының да қарбалас кезеңі. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары сақтық шараларын күшейтіп, жұмысты қарқынды атқаруға кірісті. Кезекті шолу барысында Алакөл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері суға батып бара жатқан азаматшаны құтқарып үлгерді. Жалпы, жыл басынан аймақтағы өзен-көлдерде 31 адам суға батып, бақилық болды. Қайғылы оқиғалар көбіне суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде тіркелген. 

Рая Нұрасылова, демалушы:

- Әпкем, сіңілім үшеуіміз суға түсіп жүргенбіз. Бір уақытта ары қарай кетіп бара жаттым. Қолымды созып едім, әпкем маған жете алмады. Туыстарым айқайласа керек. Сол кезде осы кісі мені қорғап алыпты. Оны білмеймін, есімнен танып қалған екенмін.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу