Таразда шағын индустриялық аймақ құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда шағын индустриялық аймақ құрылады

08.08.2018

Тараз қаласында өңірдің бизнес-климатын жақсартып, өндірістік секторды дамыту үшін шағын индустриялды аймақтар құрылады. Қазір өндірістік алаңдар үшін бос орындар мен ғимараттардың тізімі жасақталуда. Кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар үшін дайын алаңдар мен жер телімдері тапшы. Жақсы дамыған инфрақұрылым да жоқтың қасы. Бұл мәселелер кәсіпкерлер палатасы жүргізген сауалнама барысында анықталған. Ал, шағын индустриялды аймақтар осы мәселені шешеді. Шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау үшін ашылатын кешенде жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік, қызмет көрсету саласы сынды бірнеше бағыт қамтылады.  Ал, жобаларды жүзеге асыруға кәсіпкерлер палатасы жан-жақты көмек көрсетуге ниетті.

Аспандияр Сейсебаев, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары:

- Индустриялды аймақ құру біздің облысымызда тиімді болуы қажет. Өздеріңізге белгілі, бізде орташа бизнес өте қарқынды дамып келеді. Жалға беруде жеңілдетілген тарифтер, икемді баға саясаты, дамыған инфрақұрылым және де бизнестің дамуына ықпал ететін жеңілдіктер қарастырылатын болады.

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу