ІІО-ның үздік маманы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІО-ның үздік маманы анықталды

08.08.2018

Ішкі істер органдары ақпараттық-аналитикалық бөлім қызметкерлерінің үздіктері анықталды. Еліміздің әр аймағынан осы бөлімнің 17 қызметкері Астанаға келіп, екі күндік байқауға қатысты. Олар спорттық-физикалық жарыстарда бақ сынап, қызметтеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, тестілеуден өтті. Айта кетейік, Ішкі істер органдары Ақпараттық-аналитикалық орталығында еңбек ететіндер қылмысқа қатысты ақпараттарды сараптап отырады. Статистикалық мәліметтер дайындап, ішкі істер қызметіне байланысты материалдарды сақтап отырады. Сондай-ақ, құқық қорғауға қатысты xалықаралық келісім шеңберінде ТМД елдерін ақпаратпен қамтамасыз етеді.     

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу