Астанадағы «Нұр Әлем» ғимаратында «Роботтар балы» басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Нұр Әлем» ғимаратында «Роботтар балы» басталды

07.08.2018

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің мұрагері «Нұр Әлем» ғимаратында бүгіннен бастап «Роботтар балы» басталды. Көрмеде роботтар ән айтып, би билеп қана қоймай, меймандарымен тілдеседі. Балалардың робототехника саласына қызығушылықтарын арттыра түсетін шара бүгіннен бастап қыркүйектің 26-на дейін жалғасады.

Ең үздік роботтар «Нұр Әлем» шарының төрінде. Келушілерді Америка, Еуропа, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты елдерден келген роботтар қуантпақ. Шараның басты қонағы – ұлыбританиялық робот гуманоид Теспиан. Күліп-жылай алатын робот қонақтармен әңгіме-дүкен құрып қана қоймай, Шекспирдің шығармаларын да оқи алады.

«Интерактивті көрменің мақсаты - роботтық техниканың кез келген жастағы көрерменге қолжетімділігі және қызықты түрде таныстыру», - дейді ұйымдастырушылар. 

Ән салып, кітап оқитын техниканы «Нұр Әлем» павильонында күнделікті таңғы 10:00-ден кешкі 20: 00-ге дейін көруге болады.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу