Жамбыл облысында орман өртінен қорықшы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында орман өртінен қорықшы қаза тапты

07.08.2018

Жамбыл облысында таулы аумақтағы өрттен орман қорықшысы қаза тапты. Ол қызыл жалынды сөндіру кезінде опат болған. Қырғызстанмен шекаралас аумақта құрғақ шөптің тұтануынан болған өрт екі күннен бері Төтенше жағдай қызметкерлерін әбігерге салды. 80-ге жуық адам мен 10 техника жұмылдырылса да, тілсіз жаудың беті қайтар түрі жоқ. 200 гектар жерді жалын шарпыған. Өртті сөндіремін деп өзі ажал құшқан азамат – Ақыртөбе орман шаруашылығы мекемесінің қорықшысы. Өрт сөндіру кезінде тау шыңынан құлап кеткен. 

Жандар Мұздыбаев, Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме директоры:

- Тау бөктерінде өрт шыққан. Сол өртті өшіремін деп жартастан аяғы тайып құлап, қайтыс болып кетті. Жұмыс бабында жүріп осындай жағдай болды.

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу