Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатта қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мәселесі қарастарылған. Жүзден аса түрлі ұлт тұратын Қазақстанда тұрақтылық пен этникааралық келісімді сақтау бойынша айтарлықтай күш салынып келеді. Бұл орайда еліміз 1998 жылы нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенциясына қосылған болатын. Дегенмен, елдегі ұлтаралық қатынасты жаңаша нығайту алдағы қарым-қатынасты бұрынғысынан да жақсарта түспек. Халықаралық қауымдастық та Қазақстандағы жалпы ұлттық бірліктің әмбебап моделін жоғары бағалап отыр.
Асқар Шәкіров, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:
- Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық құжаттарында барлық жетістіктердің негізі азаматтық бейбітшілік пен жалпыұлттық келісім екенін үнемі айтып келеді. Атап айтқанда, бүгінгі қол қойылған құжат атқарылып жатқан шараларға сәйкес орындалады. Халықаралық тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы бірегей құрылым болып отыр. Сондықтан, бұл бағытта қарым-қатынастар өте пайдалы болады деп санаймын.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.