Астанада Орталық Азия елдерінің би фестивалі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Орталық Азия елдерінің би фестивалі аяқталды

06.08.2018

7 елден жиналған өнерпаздар 2 апта бойы түрлі жанрдағы шеберлік сағаттарына қатысты. Соңында үйренген-білгендерін қорытынды концертте қойылым ретінде көрсетті. 60-тан астам биші Нью-Иорк қаласының өмірін көрермендерге қимыл арқылы жеткізді. Сахналық көріністің режиссері әлемдік дәрежедегі Пол Гордон Эмерсон. Фестивальге қатысушылар алған білімдерін өз елдеріне барып үйретеді. «Бұл би өнерінің дамуына үлкен қадам», - дейді қойылым авторы.

Пол Гордон Эмерсон, режиссер:

- Мен қазақстандық бишілердің өнеріне тәнтімін. Барлығы жан-жақты дамуды қалайды. Сондықтан, фестивальдің жыл сайын осы елде өткенін қалар едім. Негізгі мақсатымыз ореографтардың біліктілігін арттыру. Осылайша, біз көп дарын иелеріне жол көрсете аламыз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу