Астана аумағында жат діни ағым өкілдерін есепке алу мен оңалту жұмыстары жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана аумағында жат діни ағым өкілдерін есепке алу мен оңалту жұмыстары жүргізілуде

03.08.2018

Адасқандар жөнінде дәлелді база болуы тиіс. Адамдардың сырт келбетіне қарап баға беруден гөрі құжаттық ақпарат ұсынылған дұрыс. Қазір Астана қаласы аумағында жат діни ағым өкілдерін есепке алу мен оңалту жұмыстары жүргізілуде. «Өйткені, былтыр Мұсылмандар діни басқармасы 940 адам дәстүрлі исламға бет бұрғанын жеткізді»,-дейді қоғамдық бірлестік жетекшісі.

Алайда, оның құжаттық негізі болмай шығыпты. Сондықтан, жат діни ағым өкілдерінің саны мен  теріс сенімге қаншалықты маталғанын білу үшін айғақты материалдар қажет. Осы ретте діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы мемлекеттік құрылым мамандарына семинар өткізілді.

Аманжол Оразбаев, «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ президиумының төрағасы:

- 2017 жылы Дін істері бойынша министрліктің түсіндірме жазбасында 23 457 адам теріс дінде жүр деген мәлімет айтылды. Әрине, бұл сандар әр жерде әр түрлі беріледі. Сол себепті, біз мұның бәрін бір нәтижеге әкелсек дейміз. Яғни, жауап алу арқылы діни ахуалдың деңгейін анықтаймыз. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу