Астанада 4-5 тамызда Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 4-5 тамызда Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

02.08.2018

Жамбыл облысы Астанада өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне 365 тонна өнім жөнелтпек. Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған жәрмеңке  4-5 тамызға жоспарланған. Әулиеаталық тауар өндірушілер Астанаға 30 тонна ет, 19 тонна сүт, 5 тонна балық пен шұжық өнімдерін және 2,5 тонна бал жібермек. Осы өңірде өндірілген өсімдік майы, макарон, кондитерлік өнімдер мен қымыз-шұбат, құрт, сары май да елорда тұрғындарына ұсынылады. Ал, жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөністің көлемі – 257 тонна.

Қайрат Аманов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Жалпы, 122 млн. теңгеге 365 тонна өнім тиеліп отыр. 6 жүк көлігімен жеткізілетін болады. Жәрмеңке Астанада 4-5 тамыз күндері өтеді.  

Дариға Алпысбаева, тауар өндіруші:

- Жамбыл облысының ет бағалары төмен. Сапасы да жақсы.

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ   

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

    

Хабарламаларға жазылу