«Танк биатлоны» жарысында екінші қазақстандық экипаж Қытай, Уганда және Кувейт өкілдерінен басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Танк биатлоны» жарысында екінші қазақстандық экипаж Қытай, Уганда және Кувейт өкілдерінен басым түсті

02.08.2018

 Сөйтіп, қашықтықты 20 минут 57 секундта бағындырып мәреге бірінші жетті. Экипажда командир, механик-жүргізуші және көздеуші оператор болған. Байқау шарты бойынша танкішілер кедергіге толы 5 шақырымды үш шеңберден өтуі тиіс. Бұл сыннан алғашқы қазақстандық құрам ғана Қытай тобына есе жіберіп екінші келді. Ал, үшінші экипаждың нәтижесі ертең белгілі болмақ.

Сондай-ақ, Сарыөзек гарнизонында десантшыларға диверсияға қарсы қауіпсіздік мәселелері жөнінде әдістемелік-нұсқау сабағы өтті. Бұл жауынгерлік даярлық пен әскерлер қызметін шебер ұйымдастыруға септігін тигізетін шара. Өйткені, сабақ барысында лаңкестердің шартты шабуылынан хабар берілді. Сосын әскери полиция органдары, Ішкі істер министрлігі мен денсаулық сақтау мекемелерімен жедел іс-қимыл жасау пысықталды. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу