Алматы облысында қысқы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қысқы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр

01.08.2018

Маусымдық жұмыстарға бюджеттен 6 млрд. теңге қарастырылған. Жалпы, өңірде 34 қазандық, 2000-ға жуық көпқабатты тұрғын үй және 2300-дей бюджеттік мекеме бар. Қазір қазандықтар бастан-аяқ жөнделіп, жылыту жүйелері тексерілуде. Жетісулықтар қыста 1,5 млн. тонна көмір жағады, қазір қоймаларға қатты отынның 30 пайызы жеткізілді. Сондай-ақ, сұйық отынның 44 пайызы дайын. 

Ақылбек Тәжиев, «Талдықорғанжылусервис» МКК-ның бас инженері:

- Алдымыздағы қысқа дайындықта қазір 2 қазандықты күрделі жөндеуден өткізіп жатырмыз. Қазандықтың біреуінде жөндеу жұмысы аяқталды. Қазір іске қосылып, міне, бүгін 4-5-ші тәулік жұмыс істеп жатыр.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу