Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 73 жоба жүзеге асырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 73 жоба жүзеге асырылуда

01.08.2018

Инвесторлар негізінен денсаулық сақтау, білім беру, спорт салаларына қызығушылық танытып отыр. Осыған орай облыс әкімдігі мен жеке кәсіпкерлер арасында әріптестік меморандумына қол қойылды. Жалағаш, Жаңақорған, Қармақшы  аудандарының бірнеше елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салынады, қаладағы №101 мектептің бу қазандығы қайта жаңғыртылады.     

Баян Боранбаева, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Денсаулық сақтау саласында биылғы жылға 27 жоба мемлекеттік-әріптестік аясында жүзеге асырылуда. Сол жобаның нәтижесінде кеше 7 жоба бойынша хаттамалық шешім шығарылып, бүгін осы 7 жобаға қол қою рәсімі жүргізілді. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу