Атыраудан жолға шыққан халықаралық экспедиция Түркістан облысына жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудан жолға шыққан халықаралық экспедиция Түркістан облысына жетті

30.07.2018

Тарихқа тағзым. Атыраудан жолға шыққан халықаралық экспедиция бүгін  Түркістан облысына жетті. Зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар және  «Нұр Отан» партиясының белсенді жастарынан құрылған топ киелі Отырар жеріне аялдады. Арыстан-Баб рухына тағзым етті. Киелі мекеннің тарихымен танысты. Алтын Орда, Ноғайлы, Қазақ хандығы дәуіріндегі жеті хан жерленген көне Сарайшықтан жолға шыққандар бұл сапарда 10-ға тарта киелі мекенге ат басын бұрды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басшылыққа алып Өзбекстанға, Әйтеке баба кесенесіне барып, зиярат етті. Тарих қатпарына терең бойлағандар сапар бойынша толыққанды зерттеу жүргізіп, Әйтеке баба туралы деректерді жаңғыртпақ. 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу