Қызылорда облысында бір айда 11 адам суға кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында бір айда 11 адам суға кеткен

27.07.2018

Қызылорда облысында жыл басынан бері  16 адам  суға кетіп, қаза тапты. Соның 4-еуі бала. Шілде айының өзінде 11 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Құтқарушылар өзен бойына жиі рейд ұйымдастырып, жұртшылықтың қауіпсіздігі үшін жұмыс істегенімен, нәтиже болмай тұр. Көпшілік жағалауларға қойылған белгілерді ескермейді.  Ішімдік ішіп суға шомылады, ал оның соңы қайғылы жағдайға әкелуде.  

Мейрамбек Доспенбетов, «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ басшысының міндетін атқарушы:

- Қала бойынша суға түсуге арналған екі жағажай бар. Ал қалған жерлердің барлығы бейімделмеген, рейд барысында 100-ге тарта адам қауіпсіз жерге шығарылды.

 Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу