«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» атты байқаудың жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» атты байқаудың жеңімпаздары анықталды

26.07.2018

Үшінші орынды «Олимпионик» әлеуметтік қорының «Біздің ауланың жеңімпаздары» атты жобасы алды, екінші орынды «GreenTal» әлеуметтік шеберханасы иеленді, ал, егде жастағы адамдарға әлеуметтік психологиялық және құқықтық көмек көрсететін «Ардагер» қоғамдық қоры үздік деп танылды. Байқаудың мақсаты – өмірде қиыншылықтарға тап болған адамдарға, мүгедектер мен түрмеден босаған адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету. 

Владислав Сергеев, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы басшысының орынбасары:

- Байқауды осы жылы «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырып жатыр. Қоғамдық ұйымдастықтардан 20 өтініш келді. Өте көп маңызды, қызықты жұмыстар бар. Яғни, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қағиданы ұстана отырып, жұмысымызды әрі қарай жандандыра түсуімізге атсалысуымыз керек.

Баян Ахметжанова, «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің президенті:

- Жобамыз қарт кісілердің қалған өмірі бақытты, ғұмырлы болса деген жоспарымыз бар. Сол жобамен біз осы әлеуметтік конкурсқа келіп тұрмыз. Біздің ойымызша, қарт кісілер бақытты болмай, басқа кісілер бақытты бола алмайды.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу