СҚО әкімдігі құрылыс компаниясын сотқа берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО әкімдігі құрылыс компаниясын сотқа берді

24.07.2018

Еліміздің теріскейінде жүріп жатқан құрылыс қарқыны көңіл көншітпейді. Облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Серік Мұхамедиевтің айтуынша, биыл білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету нысандары мен тұрғын үйлер салуға, оларға инженерлік желілер тартуға 18,8 млрд. теңге қарастырылған. Алайда, қаражат бөлінгенімен, жұмыс тым баяу жүріп жатыр. Мәселен, «Golden Hause» серіктестігі 75 пәтерлі үй құрылысын 31 тамызда пайдалануға беруі тиіс болған. Алайда, онда қазір жоспарланған жұмыстың небәрі 22 пайызы атқарылған. Нақтырақ айтсақ, баспананың бірінші қабаты да көтерілмепті. Қалалық әкімдік компанияны сотқа берді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов мерзімінен кешігіп жатқан мердігер компанияларға айыппұл салып, қара тізімге енгізу керектігін қадап айтты. 

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Біз уақытты бағаламаймыз. Мен кеше кешкілік құрылыс нысандарын араладым, ешкім жоқ. Біз 8 ай бойы жаздың келуін күтіп, үй салып, жол жөндейміз дейміз. Бірақ, жазда, кешкі 18:00-ден кейін құрылыс алаңдарында ешкімді көрмейсің. Кейбір жерде кран жоқ. Олардың жұмыс күні кешкі 19:00-ге дейін, жексенбі демалыс күні екен. Демек, кейбірі жұмыс істегісі келеді, техника жоқ.

Хабарламаларға жазылу