Шегіртке шығу мүмкін деген егістіктердің барлығы химиялық дәрі-дәрмекпен өңделген. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Биыл 5 миллион гектар егіс алқабына мароккалық, италиялық және азиялық шегірткелер шабуыл жасауы мүмкін деп болжанған. Алайда, әзірге ондай оқиға тіркелмеген. Жайлы егістікті зиянды организмдерден қорғау үшін биыл 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның жартысына жуығы шегірткеге қарсы іс-шараларға жұмсалса, 1,5 миллиард теңге өсімдік ауруларымен күреске бағытталған.
Ажар Қажыбекова, ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрайымы:
- Республикалық бюджеттан 1,3 млрд. теңге бөлінген. Уақытылы және нәтижелі шаралар өткізу үшін біз осы қаржыға химиялық дәрілер және өңдеу, тасымалдау мен сақтау қызметтерін сатып алдық. Зерттеу жұмыстарына 492 зерттеуші және 432 автокөлік, қорғау шараларына 540 техника қатысты.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ