Қылмыс санының көбейгені статистикадан да көрінеді. Соңғы үш айда тіркелген заңбұзушылықтарды көрсек. Сәуір айында Қазақстан бойынша 20 мыңнан астам қылмыстық оқиға тіркелген. Олардың 14 мыңы - ұрлық дерегі. Ал, мамыр айында 22 мыңға жуық қылмыс жасалған. Сәуірмен салыстырған 1300-дей дерекке көп. Ал, ұрлық-қарлық фактілері 15 мыңнан асады. Ал, өткен айда қылмыстық құқықбұзушылықтардың саны тағы өсіп, 21 мыңнан аса дерек тіркелген. Аймақтар арасында бұл жағынан Алматы қаласы көш бастап келеді. Жыл басынан бері шаһарда 31 мыңнан аса қылмыстық оқиға болған. Сондай-ақ, Қарағанды, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында да заңбұзушылықтар көп тіркеліп отыр. Бұл мәліметтер құқықтық статистика сайтында жарияланған.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ