Импорт отандық өнімді нарықтан ығыстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Импорт отандық өнімді нарықтан ығыстырды

19.07.2018

Павлодар облысы Успенка ауданындағы ірімшік шығаратын кәсіпорын жұмысы тығырыққа тірелді. Өйткені, отандық өнімге сұраныс азайып кеткен. Нарықта импорттық өнім көп. Тұтастай неміс технологиясымен жабдықталған зауыт еш қоспасыз, таза сүттен 9 түрлі ірімшік жасайды. Бастапқы кезде тауарға ішкі нарықпен қатар экспорттық сұраныс та жоғары болды. Ал, былтырдан бастап тауар шығару көлемі күрт кеміп кетті. Мәселен, бір ауысымда 18 тонна сүт өңделген болса, қазіргі күні небәрі 3 тонна сүт қабылдайды.  40-тан аса адам еңбек ететін ауыл зауытының өнімдерін өткізу қиынға соғып тұр.    

Эвольт Руфф,  кәсіпорын директоры:

- Елімізге сырттан ірімшіктің түр-түрі келіп жатыр. Көбі жасанды өнімдер. Сәйкесінше, бағасы да арзан. 900-1000 теңге болады. Ал, біздің сыр таза, табиғи. Сондықтан, бағасы да жоғары – 1 мың жарым теңге. Сату мәселесі қиындау.  Бұрын сырдың түрі аз болатын. Сол себепті, жұмысымыз жүрді. Қазір білмеймін. Өнім өтпейді. Өтпеген соң, кәсіпорынның жұмысы да бәсеңдеген. Тоқтап қалмаса болды.  

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.   

Хабарламаларға жазылу