2020 жылдан бастап барлық қазақстандықтар дүние-мүлкін деклорациялауды бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылдан бастап барлық қазақстандықтар дүние-мүлкін деклорациялауды бастайды

18.07.2018

Оны дер кезінде жасамағандарға ескерту немесе 100 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Бүгін Кірістер комитеті деклорациялау жүйесі туралы түсінідіріп берді. Деклорациялауға барлық азаматтар мен оралмандар, ықтияр хаты бар азаматтар мен атында дүние-мүлкі бар шетелдіктер және 18 жасқа толмаған азаматтар қатысуға міндетті. Деклорация тапсырудың жыл ішінде екі мерзімі болады. Қағазбен тапсыратындарға 15 шілдеге дейін уақыт берілсе, «egov.kz» порталы арқылы тапсыратындар үшін мерзім қыркүйек айының ортасына дейін.  Сондай-ақ, студенттер мен зейнеткерлер қысқартылған бланкпен тапсырса, бір жыл ішінде мал-мүлік сатқандар немесе сатып алғандар кеңейтілген деклорация тапсырады. Кәмелетке толмаған балалар үшін олардың ата-аналары мәлімет береді.

Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік Кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

- Жоспар бойынша 2020 жылы 12 млн. 900 мың адам деклорация тапсырады. Бір жылдан кейін, яғни, 2021 жылы біз кімде қандай дүние-мүлік пайда болды, оның салығы төленді ме, біле аламыз. Егер де жасырып, мәліметті дұрыс бермесе, ескерту жасаймыз, одан кейін 50 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу