Мүмкіндігі шектеулі жастар арасында білімділер мен білектілер сайысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі жастар арасында білімділер мен білектілер сайысы басталды

18.07.2018

100-ден астам адам спорттың 9 түрінен сынға түсті. Атап айтқанда шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, армрестлинг, арқан тартыс пен пауэрлифтинг. Бұл мүгедек жандардың шығармашылық қабілетінің шыңдалуына және оларға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған шара. Спорттық ойындар жарысының өтуіне «Қазақстан студенттер альянсы» бірлестігі мен қоғамдық даму істері басқармасы мұрындық болып отыр. Әр қатысушы бағалы сыйлықтармен, Алғыс хаттармен марапатталады.

Ілияс Түстікбаев, Қазақстан студенттер альянсының президенті:

- Бұл жоба аясында әрі қарай семинар, тренингтер, экскурсия, қорытынды фестиваль болады. Көптеген іс-шаралар қамтылған. 

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу