Алматы облысы Ақсу ауданы Суықсай ауылында жаңа мешіт ашылды. Күмбезі көкпен таласқан Алла үйін салуға жергілікті тұрғындар мен ауылдың 1972 жылғы азаматтары ұйытқы болған. Бұрын 1800-ден аса тұрғыны бар Суықсай ауылында мінәжат орны болмаған. Тұрғындар жұма намазын оқуға ескі мектепке баратын.
Бір мезетте 100-ден астам адам намаз оқи алатын жаңа мешітте барлық жағдай жасалған. Құрылыс жұмыстарына 3 жылдан аса уақыт кеткен. Мешітте ең алғашқы намаз оқылып, уағыз айтылды. Имандылық үйі алдағы уақытта да жастарды ізгілік пен мейірімділікке тәрбиелеуге сеп болмақ.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.