Арал өңірі балықшыларының слеті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал өңірі балықшыларының слеті өтті

13.07.2018

Бүгін Қамбаш көлінің жағасында Арал өңірі балықшыларының дəстүрлі 4-ші слеті өтті. Бұл күнге теңіз сүзген балықшылар үлкен жетістікпен келді. «САРАТС-1» жобасы негізінде Кіші Арал суға толып, жоғалып кеткен балықтың түрлері қайта пайда болды. Қазір жылына 8 мың тонна су маржаны ауланады. 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді.  Экспорт көлемі соңғы бес жылда 5 есеге артты.

Бұл-Арал теңізінің алғашқы картасы. 1905 жылы Англияда басылған.  Балықшылар өмірінен сыр шертер көрмедегі ең құнды экспонат. Алып кемелердің техникалық құралдары, аудың түрлері мұның барлығы ата кәсіптің кешегісі мен бүгінін паш етеді.

Теңіз сүзіп, күн көрген жұрт қыс-жаз демейді тыным таппайды, бұйырған ырзық-несібені теріп жейді.

Аязбек Ерімбетов, балықшы:

- Қазір балықшылардың жағдайы жақсы. Балықтың арқасында нəпақасын тауып жүр.

Бұрын балық өзге елге шикізат ретінде кетсе, қазір дайын өнім экспортталып жатыр.

Енді «САРАТС» жобасының екінші кезеңі жүзеге асырылады. Кіші Арал теңізі қалаға тағы 1 шақырым жақындайды, жылына 30 мың тоннаға дейін балық ауланады, тиісінше балық өңдейтін зауыттардың жылдық қуаттылығы 30 мың тоннаға жетеді деген болжам бар.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу