«Нұр Отан» партиясының «Тегін 1000 IT-сынып» жобасы әр аймақта жүйелі түрде іске асып жатыр. Бүгін Алматыдағы Оқушылар сарайындағы орталықта болған партияның хатшысы Тамара Дүйсенова осылай, деді.
Оның сөзінше, балалар ІТ-теxнологияларды барынша терең оқып, игеру арқылы білімін шыңдайды. Сондықтан, мұндай сыныптардың маңыздылығы аса жоғары әрі алған ілімді тәжірибеде қолдануға зор мүмкіндік береді. Қазір мұнда жас жеткіншектерге белді мамандар «Робототехника», «3D-модельдеу» негіздерін үйретіп жүр.
Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:
- Балаларды тек қана оқытып қоймай, олардың білімдерін әрі қарай күшейту үшін қаланың, облыстың, республиканың көлемінде үлкен олимпиадаларды өткізейік. Солардан кейін Қазақстанның жақсы құрама командасын шығаратын болсақ, шетелге шығаратын мүмкіндіктеріміз бар.
Руслан ҚОСАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.