Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өртке қатысты тексеру жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өртке қатысты тексеру жүргізіледі

13.07.2018

Атырау мұнай өңдеу зауытының төбесінен от лаулап,  қою қара түтін будақтады. Кеше болған бұл жайт лезде әлеуметтік желіге тарап кетті.  Зауыттың ресми парақшасында осыған байланысты хабарлама жарияланды.

Стратегиялық нысандағы оқиға  күндізгі  сағат  үштер кезінде тіркелген.  Айтуларынша, компрессорлардың бірінен ақау шыққан. Кәсіпорынның жұмысына қаншалықты кедергі келгені белгісіз. Облыстың бас экологиялық инспекторы тексеру жұмыстарының басталатынын айтты.

Қайратқали Хайролла, облыстың бас экологиялық инспекторы:

- Каталитикалық крекингті қосу барысындағы артық газды шығару фактісі бар. Ол бойынша қазір Экологиялық департамент тарапынан тексеру жұмыстары басталды. Дүйсенбіден бастап тексеріледі.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу