Биыл Алматыда 12 шақырымнан астам жылу желісі жөнделеді. Сондай-ақ, 120 мыңнан астам абоненттер үшін газ құбырлары кеңейтіліп, сумен қамтудың жаңа жүйелері жүргізіле бастады.
Ал, қала әкімі Бауыржан Байбек инженерлік желілерді жаңарту жұмысын жеделдетуді тапсырып, мердігерлерге белгіленген уақыттан кешікпеуді ескертті.
Айта кетейік, жаз біткенше мегаполисте жалпы ұзындығы 160 км болатын 150 көшенің жолы тегістелмекші. Барлық жерасты өтпелі жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орталықтандыру қағидасы бойынша барлық ауданда 600-ден астам аула жөнделеді.
Дәурен Жандыбаев, қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы Су мен газбен жабдықтау бөлімінің басшысы:
- Жалпы, жұмыстар 420 көшеде іске асырылуда. Көбінесе су және кәріз желілерінің құрылысы. Қаланың ортасында тек қана жылу желілерінің құрылысы болып жатыр.
Амангелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.