Астанада «Үлгілі сот» жұмысы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Үлгілі сот» жұмысы таныстырылды

12.07.2018

Астанада «Үлгілі сот» пайда болды. Сарыарқа аудандық соты енді жаңаша жұмыс істеу тәртібімен өзге мекемелерге үлгі болмақ. Бұл Жоғарғы соттың сала жұмысын дамыту үшін қолға алып отырған арнайы жобасы. Мұнда бизнес-процестер басқаша құрылып, фронт-офистер ашылған. Сондай-ақ, судья көмекшілері мен электронды кезек бар. Айта кетейік, 2300 шаршы метр аумақты алып жатқан ғимаратта судьялар мен сот қызметкерлеріне арналған 41 кабинет, 13 сот отырысы залы бар. Залдар дыбыс-бейнетіркеу жүйелерімен 100 пайыз қамтылған. Сонымен қатар, медиатордың, адвокаттың, прокурордың кабинеті, ақпараттық дүңгіршек, 2 күту залы жұмыс істейді.

Нұрсерік Шәріпов, ҚР Жоғарғы соты Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

- «Үлгілі сот» халық үшін, ел үшін жасалған жағдай. Көздегеніміз, келген өтініштерді дер кезінде қарау, уақытылы шешіп, ішкі процедураларды жақсарту.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу