Қуат үнемдеу жобаларына қолдау көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуат үнемдеу жобаларына қолдау көрсетіледі

10.07.2018

Елімізде энергия үнемдеу жобаларына қолдау көрсетіледі. Инвестициялар және даму министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы келісім нәтижесінде алғашқы жобалар мақұлданды. Астана және Солтүстік Қазақстан облысындағы кейбір ғимараттар «жасыл» энергиямен қайта жарақталады. Нәтижесінде қуат көзі үнемделеді және қоршаған ортаға зияны төмендейді. Астанада «Транспорт Тауэр» ғимаратын осы жоба негізінде жарықтандыру жүйесін қайта жаңғырту жоспарланған. Осындай төмен көміртекті қалалық жобаларды іске асыру үшін қаржылық қолдау механизмі Үкімет пен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы халықаралық қор арқылы жүзеге асырылады. 

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу