Азияның медиа басшылары Астанада бас қосады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азияның медиа басшылары Астанада бас қосады

09.07.2018

Ертең алғаш рет елордада «Азияның медиа диалогы» атты халықаралық шара басталады. Жиында Азиядағы медианың даму қарқыны талқыланбақ. Кездесуде аудиторияны зерттеу, радио форматын қалыптастыру, озық тәжірибелерді ескеріп, телерадиохабар тарату саласын заманға лайық дамыту мәселелері сөз болмақ. Айтулы шара шеңберінде семинарлар, конференциялар, сонымен бірге «Азия» радиосының ән фестивалі өткізіледі.

Іс-шараны Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы «Астана Конвеншн Бюромен» бірге ұйымдастырып отыр.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Форумға Азия және Тынық мұхиты елдерінің ұлттық хабар тарату бірлестіктерінің 100-ден аса өкілі қатысады. Сонымен қатар, қазақстандық медиа менеджерлері мен журналистер осы іс-шараны ауқымды түрде насихаттауға атсалысады деген үміттеміз. Телевизия мен радио жоғары технология бойынша әрдайым дамуы керек екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Қазақстандық БАҚ-та бұл үрдістен қалыс қалмауы тиіс.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу