Алматыда қазақтың «қара майоры» атанған Борис Керімбаевтың құрметіне арналған «Ұлы дала қырандары» атты әскери турнир өтті.
Республикалық жарысқа әр аймақтан келген сайдың тасындай жас сарбаздар қатысты. Олардың өнерін Борис Керімбаев пен Ауған соғысының ардагерлері тамашалап, баға берді. Әскери қоян-қолтық сайысына қатысуға ниет білдірген үміткерлер аз болмады. Десек те, ең мықтылары осында жиналды. «Мұндай шараны жиі өткізу арқылы бүгінгі буынды отансүйгіштікке тәрбиелейміз», - дейді ұйымдастырушылар.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.