Астанада «Ақпараттық технологиялар аудиті» тақырыбында семинар өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ақпараттық технологиялар аудиті» тақырыбында семинар өтуде

09.07.2018

Мемлекеттік аудит органдарының қызметін жетілдіру, ІТ-аудитін жүргізудің жаңа әдістерін әзірлеу және мемлекеттік аудиторлардың кәсіби деңгейін арттыру. Осы сұрақтар бүгін Астанада «Ақпараттық технологиялар аудиті» тақырыбында ашылған семинар барысында талқыланып жатыр. Халықаралық жиынға 29 мемлекеттің жоғары аудит органдарынан өкілдер келген. 46 мемлекеттің аудиторларын біріктіріп отырған Азия жоғары мемлекеттік аудит органдарының ұйымына Қазақстан 2000 жылдан бері мүше. 5 күнге жалғасатын шарада мамандар тәжірибе алмасып, өз елдерінде халықаралық стандарттарды енгізу тетіктерін талқылайды. 

Като Такая, Жапония аудит палатасының өкілі:

- Бұл жерге әр елден үздік аудиторлар жиналды. Бастысы біз ІТ- аудит жүргізудің тетіктерін талқылаймыз. Сондай-ақ, қатысушы елдерде пайдаланылатын тәсілдерді ғана емес, өзге елдердің де тәжірибесін жіті зерттейміз. Бұл есеп жүргізу мен мемлекет қаржысын үнемдеуге үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу