Ерекшелігі сол – бұл суреттерді психоневрологиялық ауытқуы және Даун синдромы бар балалар түсірген. Туындылар француз фотографы Эрик Ваззолердің шеберлік сабағы кезінде жасалған. Ол төрт апта бойына ұл-қыздарға фотоөнердің қыр-сырын үйреткен.
Жоба мақсаты – ерекше балалардың дамуы мен өз көзқарасын, ойын еркін жеткізуге көмектесу. Ал, жасөспірімдерге фотоаппараттарды Тұңғыш Президент – Елбасы қоры тарту етті.
Назерке Дәкебай, Астана қаласының тұрғыны:
- Мынау менің жылқыны фотоға түсіріп жатқан кезім. Жылқының әдемілігін, сұлулығын, түсірдім.
Сұлтан Айтжанов, ҚР Тұңғыш Президент - Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары:
- Балаларымыздың мүмкіншіліктері кеңінен ашылып отыр. Олардың фотосуреттері арқылы біз олардың ішкі дүниесін ашамыз. Ішкі дүниелері өте бай, кең.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.