Кеңқияқ мұнай айдау бекеті іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеңқияқ мұнай айдау бекеті іске қосылды

04.07.2018

Кеңқияқ мұнай айдау бекеті іске қосылды. Ақтөбе облысында орналасқан стратегиялық нысан Қазақстаннан Қытайға жөнелтілетін мұнай көлемін жылына 20 млн. тоннаға дейін арттыруға қауқарлы. Бекеттің салтанатты ашылуына телекөпір арқылы «Самұрық-Қазына» қорының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов қатысты. Жиын барысында еліміздегі мұнай тасымалының монополисі «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының жүзеге асырған және жоспарлаған істері де сөз болды.   

Ауыз толтырып айтарлық жобалардың бірі компанияның Бас диспетчерлік басқармасы. Енді еліміздің аумағындағы бес мың төрт жүз шақырымдық құбырмен тасымалданып жатқан мұнайдың қозғалысы осы орталықтан басқарылады. Бұл жұмысты мейлінше автоматтандырып, ықтимал қиындықтар мен шығындардың алдын алуға мүмкіндік бермек. Бұрын мұнай тасымалы төрт сатымен - жергілікті бекеттерде, аудандық және өңірлік филиалдарда, содан кейін барып орталық арқылы басқарылса, қазір артық жұмыс қысқарып, екі-ақ саты қалды. 

Айдынғали Өмірзақов, «ҚазТрансОйл» АҚ Бас диспетчерлік басқармасының бас диспетчері:

- Қазір жергілікті және Астанадағы бас диспечерлік басқарма қалды. Екі деңгей. Тораптарды осы жерден қосып, ысырмаларды ашып-жауып, бәрін осы жерден басқарамыз. 

 

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу