Қызылордада «Астана-мәңгілік ел мәртебесі» атты патриоттар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Астана-мәңгілік ел мәртебесі» атты патриоттар форумы өтті

04.07.2018

Шарада мемлекет дамуына үлес қосып жүрген сырбойылықтар марапатталды. Олар әр сала бойынша өз ісінің білгірлері. Туған жерді түлетуге атсалысқан еңбек майталмандары, ерлігімен, батылдығымен, еңбекқорлығымен танылған және қоғамнан көмегін аямаған тұлғаларға «Жыл патриоты» номинациялары табыс етілді.  

Сағатбек Қуанышбекұылы, «Жыл патриоты» номинациясының иегері:

- Патриот деген Қазақстан еліне, оның ішінде туған жеріне қызмет жасау, қандай жағдайда болмасын белсенді болу, өз жігерін, күшін еліне, халқына арнау, өздерінен кейінгі жастарға үлгі көрсету, көмектесу. Сондай жастардың бірі деп мені таңдаған екен, осындай номинация алып жатқаныма өте қуаныштымын.                                                                                                                                                        

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу