Алматыда енді электр қуаты бойынша ешқандай мәселе болмайды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының» басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді.
Өйткені, қаланы энергиямен қамтамасыз ететін 33-ші шағын станция іске қосылды. Жаңа энергия нысанының ашылуы «Түрксіб» қосалқы станциясының трансформаторлық қуатын 30 мегабатқа арттырмақ. Соның нәтижесінде, Түрксіб ауданының орталық бөлігі мен Жас қанат және Қайрат шағын аудандарында электр мәселесі толығымен шешіледі. «Ендігі мәселе осы қуат көздерін дұрыс қолданып, тиімді пайдалану»,-дейді мамандар.
Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:
- Біраз жылдар бойы үлкен жұмыс атқарылды. 20 млрд-тан астам теңге жұмсалды. Кезінде 31 шағын станция салынған. Осы шағын станция қосылғаннан кейін Алматы қаласында электр қуаты бойынша ешқандай мәселе болмайды.
Амангелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.