Шілденің 4-інде елімізде ұлттық спорт түрлері бойынша ең ірі шара өтеді. Атауы - «Ұлы дала рухы» фестивалі. Оған республика бойынша 7 мыңнан аса спортшы қатысады. Көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және асық ату секілді сегіз ұлттық спорт түрі фестивальде қамтылған. Шара еліміздің оңтүстігі мен шығысын, батысы мен солтүстігін қамтиды. Ал, 14 облыс пен 3 қаладан іріктелген командалар фестивальдің екінші кезеңіне жолдама алады. Ол кезең Астана төрінде өтеді. Бұдан бөлек, фестиваль мен Астана күні аясында «Астана кубогына» арналған ат жарыс жоспарланған. Бәйге екі қашықтық бойынша өтеді. Аламан - 25 шақырым, екіншісі - 16. Жүлде қоры 20 млн. теңге. Ұлттық спорт салтанат құрып, «Ұлы дала рухы» асқақтайтын фестивальден қалыс қалмаңыз.
Бекболат Тілеухан, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:
- Шын мәнінде рухани жаңғыру деген осы ғой. Дәстүрдің көкесі сенің мәдениетің, спортың. Бірде-бір мемлекет өзінің ұлттық спортын өз қамқорлығына алып отырған жоқ.
Нұрсұлтан Ибрагимов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық және ас спорт орталығының директоры:
- Жоспар бойынша жастар және жасөспірімдер резервін құруды жоспарлап отырмыз. Бұл енді Астана қаласының 20 жылдығы аясындағы негізгі шаралардың бірі болмақ.
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.