Бұл халыққа тегін кеңес беретін заңгерлер тобынан құрылған кеңсе. Аталған ұйым азаматтық ала алмай жүрген жандардың мәселелерін жедел шешуге көмектеседі. Сондай-ақ, өзге елден оралып, келеңсіз жағдайларға тап болған адамдардың құқығын қорғайды. Заңгерлер тобы азаматтық алу уақытында құжаттарды рәсімдеу жағынан да кеңес береді. Сондай-ақ, халықтың игілігі үшін «Қандастар» сайты да жұмысын бастады. «Бұл алыстағы елге оралғысы келетін қазақтарға ыңғайлы», - дейді мамандар.
Арман Әубәкір, «Адырна» ҰЭБ қоғамдық қорының директоры:
- Шеттен келген қазақтар, басқа елде тұрып жатқан қазақтар елге келген кезде көп жағдайлар азаматтық алу мәселесінде қиыншылықтарға ұшырайды. Соның салдарынан жемқорлыққа ұрынады. Өздерінің құқықтарын дұрыс білмей жатады. Сол себепті, «Жедел желі» қызметінде яғни, заңгердің арнайы қызметі қосылады. Сол жерде өзіне қажетті сауалдар қоюына болады.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.