«Егемен Қазақстан» газеті карикатура бойынша сайыстың жеңімпаздарын марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Егемен Қазақстан» газеті карикатура бойынша сайыстың жеңімпаздарын марапаттады

29.06.2018

Қайта күлген жанр. «Егемен Қазақстан» газеті карикатура жанрын қайта жаңғыртты. «Астана айшықтары» тақырыбымен байқау ұйымдастырып, бүгін жеңімпаздарды марапаттады. «Ай жүзің ғажап «Нұр әлем» атты суреті үшін тараздық Әлмира Омароваға ынталандыру сыйлығы табысталды. Суретші қыз туындысында боулинг добын Қазақстан деп алып, ал, кеглдерге алпауыт елдерді бейнелепті. Яғни, Қазақстан дамыған елдің қатарына енуге жақын деген сөз. Ал, фототілші, әрі суретші ақтөбелік Қайрат Ноғаев үшінші, өскемендік Мерей Қайнарұлы екінші орынға жайқасты. Белгілі суретші Ғалым Смағұлұлы бірінші орынды иеленді. Жалпы, карикатура аясындағы байқау соңғы рет 1994 жылы өтіпті. Кейбір құрылымдар нақты бір тақырыпқа сай 2-3 рет ұйымдастырған.        

Ғалым Смағұлұлы, жеңімпаз суретші:

- 20 жыл дегенің басқа мемлекеттің қалаларымен салыстырғанда кәдімгідей жас бала. «Эйфель» мұнарасы, Англияның «Бигбені», Ресейдің «Кремлі», Дубай басқа мемлекеттермен салыстырғанда Астана өте жас екенін және болашағы алда екенін, жастардың қолында екенін көрсетеді.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу