СҚО-да 14 мың жаңа жұмыс орны ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да 14 мың жаңа жұмыс орны ашылады

29.06.2018
СҚО-да 14 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Солтүстік Қазақстан облысында алдғы үш жылда әлеуметтік нысандардың құрылысы, көлік және инженерлік коммуникацияларды дамыту, агроөнеркәсіп және қорғаныс кешені кәсіпорындарын жаңғырту көзделген. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Маминның төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Аймақты дамытудың кешенді жоспары бойынша бас-аяғы 64 шараны жүзеге асыру қарастырылған. Сол арқылы шамамен 14 мың жаңа жұмыс орнын ашылуы тиіс. Сондай-ақ, 2018-2021 жылдар аралығында өңірде жалпы құны 300 млрд. теңгеден астам инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

 

Самат САПАРАЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу